Әлем

Терезеден секірген қызды қағып алмақ болған күзетші қаза болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөпқабатты үй. Архивтегі фото
Көпқабатты үй. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы әскери Ли Гоуу терезеде тұрған қызды байқап қалып, соққыны өз денесімен жеңілдетуге шешім қабылдаған

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қытайда Сиань қаласының 43 жастағы тұрғыны Ли Гоуу сауда орталығының терезесінен секіріп кеткен қызды қағып аламын деп, қаза болды. Бұл туралы Life жазды. 

Ер адам терезеде тұрған әйелді байқап қалып, соққыны өз денесімен жеңілдетуге шешім қабылдаған. Өкінішке қарай, 13 қабаттан құлаған қыз да, оны құтқаруға тырысқан күзетші де аман қалмады. Ол сол жерде көз жұмды.   

Жергілікті БАҚ бұрынғы әскери қызметкер Ли Гоуды Шэньси үкіметі ерлігі үшін марапаттайтынын хабарлады. Оның соңында әйелі мен алты жасар қызы қалды.  

Жаңалықтар
0