Әлем

Ресей президентінің сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Жазылу
Сайлау күнін белгілеуге қатысты шешім бірауыздан қабылданды

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Федерация кеңесі президент сайлауын 2018 жылдың 18 наурызына белгіледі, деп хабарлайды РИА Новости

Шешім бірауыздан қабылданған.

Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қырғызстан Жээнбековтің басшылығымен жаңа жетістіктерге жетеді
Осылайша, сайлауалды президент науқаны ресми түрде басталып, үміткерлер де тіркелуге және үгіт жүргізуге мүмкіндік алып отыр. 

Президент сайлауын белгілеу міндеті Конституция бойынша Федерация кеңесіне жүктелген. 

Келесі жылы өтетін президент сайлауына 23 адам қатысуға ниет білдіріп үлгеріпті.

"Тізім ашық, 23 адам сайлауға қатысуға ниет білдіріп үлгерді. Бірақ олардың бәрі сайлау комиссиясына келеді деген сөз емес", — деді ОСК басшысы Элла Памфилова Федерация кеңесінің пленарлы отырысында.

Жаңалықтар
0