АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясының президенті болды, деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.
Жәмішев құрылтайшылардың кезектен тыс жиналысында бірауыздан сайланды.
"2012 жылдан бері Болат Жәмішев ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясының құрметті президенті қызметін атқарып келді. Бұл қызметте конькимен жүгіру спортын өңірлерде насихаттаумен белсенді түрде айналысты, инфрақұрылым нысандарын дамыту және спорт мектептеріне арналған саймандарды сатып алу мәселесінде жергілікті атқарушы органдармен және демеушілермен тығыз жұмыс істеді ", — деп жазылған хабарламада.
Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясының экс-президенті Василий Крылов құрметті президент қызметін атқарады.