Өңірлер

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фонтанды тазартып есте қалған шенеунік мемлекеттік меншікті заңсыз жекешелендірді деп айыпталған

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Өскемен әкімінің орынбасары Расул Манапов парамен ұсталды, деп хабарлайды  Устинка Live жергілікті порталы.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Степногор қаласының прокуроры қомақты парамен ұсталды

Бастапқы мәліметке сүйенсек, Манапов мемлекеттік жерді заңсыз жекешелендірген. Сәрсенбі күні 32 жастағы шенеунік пара алу үстінде ұсталыпты.

"Қазір жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, соның аясында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Р.К. Манаповтың осы іске қатысы бары анықталмақ. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары ақтарылуда", — деп хабарлады Шығыс Қазақстан бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті басшысы Сергей Потанин.

Расул Манапов бұдан бұрын қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдаланғаны үшін әкімнен қатаң сөгіс алған. Қала басшысы оған жаңа жылға дейін қазыналық көлікті басқаруға тыйым салды.

Айыпты мемлекеттік қызметкер бұл оқиғадан соң фонтанды тазартып, қысқы мерзімге даярлаған еді.

Жаңалықтар
0