АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", — деп жазылған Жарлықта.