Экономика

Парламент Грузияның Қазақстанға қарызын азайтуға келісті

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтумонета, архив
монета, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грузия үкіметі 38 миллион доллар қарызын 2025 жылға дейін өтейді

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Парламент сенатының депутаттары Грузия үкіметінің берешегін қайтадан құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, Грузия жиырма жыл бұрын Қазақстаннан 27 миллион АҚШ долларынан астам қарыз алған. Қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес Грузия тарапы Қазақстан алдындағы берешегін бірнеше шартқа сәйкес өтейді.

"Біріншіден, Грузияның негізгі борышы Қазақстан және Грузияның ұлттық банктері арасындағы акті бойынша 2,3 миллион АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның баламалы берешегі сомасына қысқартылады. Екіншіден, жылдық проценттік ставкасы 4 % мөлшерінде сақталады. Үшіншіден, берешекті өтеу кестесі бұрынғы кестенің мерзімі кешігуінен жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады", — деген еді министр. 

Осылайша биылғы жылы екі ел үкіметінің арасында жасалған келісімге сәйкес Грузия 2017-2025 жылдар ішінде  Қазақстанға 37 миллион 997 мың  АҚШ доллар қарызын төлейді. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0