Қоғам

Баян Алагөзова ереуілге шыққан шахтерлерді жер бетіне шығаруды сұрады

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Продюсер әркез бөтенді қорғауға дайын құқық қорғаушылардың өзіміздің азаматтар қиын жағдайға тап болғанда, бұрыш-бұрышқа тығылып қалғанына кейістік білдірді

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілерді қолдап, оларды жер астынан шығаруды сұрады. 

Бұл туралы продюсер инстаграмдағы парақшасында жазды. 

"Мьянма мұсылмандарын ренжіткен кезде жалқаулар ғана олар үшін қынжылған жоқ, бірақ олар алыста, сондықтан шындық қайсы екенін кім біледі?! Ал біздің жігіттер дәл жанымызда, қорғаушылар болса бұрыш-бұрышқа тығылды. Мен мәселенің бейбіт шешілгенін қалаймын, шахтерлерді жер бетіне шығарыңыздаршы, өтінемін. Олар отбасысына оралып, лайықты жалақы алуы керек, осынша адам өтірік сөйлемейтін шығар", — деп жазған Алгөзова. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр. 


Жаңалықтар
0