Дәрігерлер диагнозды жүктіліктің тоғызыншы аптасында қойған. Олар әйелге сәбидің тірі қалуы екіталай екенін айтқан, себебі жүрек эктопиясы диагнозы қойылған нәрестелердің 90%-дан астамы өлі туады немесе көп ұзамай қайтыс болады. Ақхалаттылар сәбидің анасына түсік жасатуға кеңес берген, алайда ата-анасы бұған қарсы болыпты, деп хабарлайды РИА Новости.
Сәби аман-есен дүниеге келді, туғаннан кейін бірден 50 дәрігердің қатысуымен үш ота жасалды. Хирургтер жаңа кеуде қуысын жасап, нәрестенің жүрегін соған орналастырған.