АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Екі әйел мен үш жасар сәбиді өлтірді деген айыппен сотталушы соттан өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
24 жастағы жігіт екі жас әйел мен үш жасар сәбиді жауыздықпен өлтірді деп айыпталған.
"Сотталушының айыбы тергеу барысында жиналған айғақтармен дәлелденді. Ол қылмысын мойындады. Бірақ "есімді білмедім" дейді. Оның сөздеріне күмәнім бар. Оған қылмыстық жауапкершіліктен қашқысы келуі дәлел бола алады. Қамалиев кісі өлтірген соң, қылмысын жасыру үшін пышақты лақтырып, үйді өртеген", — деп мәлімдеді Жанболат Айманов.
Прокурор соттан айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, оның алғашқы бес жылын сотталушы түрмеде өткізуі тиіс.
Өлтірілген әйелдердің аналары сотталушыны қатаң жазалауды сұрайды – өлім жазасы немесе өмір бойына соттау. Үш жасар сәбидің әкесі де айыпталушыны ең қатаң жазаға кесуді сұрады.
Айыпталушы соңғы сөзінде соттан өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады.
"Кінәмді мойындаймын. Бұл арақтың кесірі. Қаза тапқандардың туған-туыстарынан кешірім сұраймын", — деді ол.
Қамалиевке үкім 15 желтоқсанда шығарылады.