Оқиға

Талдықорғанда бала ұрланғаны рас па?

© SputnikБала жолдан өтіп бара жатыр
Бала жолдан өтіп бара жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция WhatsApp арқылы тараған хабарламаның рас-өтірігін анықтады

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Полиция  Талдықорғандағы Н.Островский атындағы жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушысын бетперде киген белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Теміртауда бала ұрлаған бойжеткен 7 жылға сотталды
"Қалалық полицияға бала ұрлау фактісі бойынша арыз түскен жоқ. Біз ұйымдастырған тексеріс барысында факт расталмады. Таратылған хабарламада жоғалды деген баланың аты көрсетілген. Бұл мектепте ондай оқушы жоқ екені анықталды. Оқу орны әкімшілігімен сөйлестік. Алаңдауға еш негіз жоқ", — деп түсіндірді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Бала ұрланғаны туралы ақпарат кеше әлеуметтік желіде таралған болатын.   


Жаңалықтар
0