АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда гаражда тұншығып өлген жігіттің досы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Костанайские Новости.
Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы студент газдан уланып көз жұмған еді. Трагедия 10 желтоқсан күні Железнодорожный көшесіндегі "Экспресс" гараж кооперативінде сағат 19.23-те болған.
Артем Масляк болған оқиғадан әлі күнге дейін есеңгіреп жүргенін айтады.
Оның айтуынша, Евгений №16 лицейде оқыған. Электромонтажник болғысы келіпті.
"Ол бар-жоғы 18 жаста болатын. 10 желтоқсан күні дос қызымен бірге қаланы аралап, туыстарына барыпты. Көлікті гаражға қойып, біраз отырып әңгімелеспек болады. Женя бұл өмірмен қош айтысып кете барды. Ол пайдаланылған газдан уланып қалған. Дос қызы аман қалды, дегенмен денсаулығына ауыр зиян келген, қазір ауруханада жатыр", — деп түйіндеді ол.