Қоғам

Астанада жаңадан екі көпір салынады

© Sputnik / Болат ШайхиновКөпір
Көпір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның бірі Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайды

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Астанада Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы екі көпір салынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Жыл сайын астанамызда жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Елорданың жол-көлік қатынасын дамытып, көлік кептелісін төмендету мақсатында қала әкімдігі бар мүмкіндікті жасауда. Қала даңғылдары мен көшелерінде оңға бұрылу жолағын салу сол істердің бір парасы.

жол шаруашылғы жұмысшылары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанадағы "Бүкір" көпір жөндеуге жабылады
Сонымен қатар, Астанада жаңадан екі көпір салынады: бірі Есіл өзені үстінен, екіншісі Нұра-Есіл каналы арқылы. Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталған, 2018 жылы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда. Көпірдің ұзындығы – 40,98 п.м., көпірдің көлемі – Г-(16,0 м+16,0)+2х5,5 м, көпірдің сызбасы – 1х33,0 м, көпірдің ені – 51,4 м болады.

Ал, Есіл өзені үстінен салынатын көпір Тәуелсіздік даңғылы арқылы қаламыздың оңтүстік шығыс бөлігін сол жағалаумен жалғайтын болады. Есіл өзені арқылы салынатын көпірдің ұзындығы – 263,22 м, көлемі – 2х (Г-18,25 м)+2х3,0 м, сызбасы – 70+120+70 м, түсі металды, ақ болады.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңіңде. Екі көпір де үш жолақты болады.


Жаңалықтар
0