Қоғам

Астанада "Red Bus" автобусымен тегін экскурсия жасауға болады

© AP Photo / Sergei GritsАстананың келбеті
Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16-19 желтоқсан күндері сол жағалауда тегін экскурсия ұйымдастырылады

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik.  Тәуелсіздік мерекесі күндері (16, 17, 18 және 19 желтоқсан) Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екіқабатты экскурсиялық автобусымен сол жағалауда тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы

Экскурсия "AiLand" (океанариум) ойын-сауық орталығынан басталып, "Хан шатыр" ОСО аялдамасы, "Мәңгілік Ел" триумфальді қақпасы, "MEGA SilkWay" ОСО, Ұлттық музей мен "Астана Бәйтерекпен" аяқталады.

Барлық сұрақ бойынша call-орталыққа: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram желісіндегі @redbus.kz аккаунтына хабарласуға болады. Экскурсия барысында автобус салонында дыбыс күшейткіш арқылы қазақ және орыс тілінде аудиогид жүргізіледі (бір рейсте – қазақ тілінде, екінші рейсте – орыс тілінде). Ал бір ғана тілде тыңдағысы келгендер құлаққап киюі қажет.

Ал тегін мерекелік сырғанау кезінде жолаушыларға құлаққап берілмейді. 

AiLand аялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

— сағат 10:00

— сағат 11:30

— сағат 12:45

— сағат 14:30

— сағат 16:00

— сағат 17:15

— сағат 18:35

— сағат 20:00

— сағат 21:20

MEGAаялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

— сағат 10:00

— сағат11:15

— сағат 12:45

— сағат 14:00

— сағат 15:45

— сағат 17:15

— сағат 18:30

— сағат 20:00

— сағат 21:15

— сағат 22:45


Жаңалықтар
0