Қоғам

Елімізде әр 216 секунд сайын бір адам қайтыс болады

© Photo : ДВД Павлодарской областиМұсылман зираты
Мұсылман зираты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туғандар мен өлгендер, елге келгендер мен кеткендер санын статистика комитетіндегі есептеуіштен онлайн бақылауға болады

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Елімізде әр 81 секунд сайын бір сәби дүние есігін ашса, әр 216 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Бұл туралы бүгін ҚР ҰЭК Статистика комитетінде белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін Қазақстан халқы санын онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін есептеуіш таныстырылды. Комитет төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, есептеуіштегі деректер АХАТ пен көші-қон қызметтерінен түсіп отыратын мәліметтер негізінде ай сайын жаңартылып отырады. Белгілі бір формула бойынша туғандар мен қайтыс болғандар, елге келгендер мен кеткендер санын оп-оңай есептеп шығаруға болады. 

Халық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді Қазақстан халқы санын онлайн режимде көруге болады
"Есептеуіштен жыл басында және дәл қазіргі сәтте халық саны қанша екенін көре аласыздар. Сондай-ақ, демографиялық оқиғалар онлайн-режимде өзгеріп  отырады. Мәселен, елімізде әр 81 секунд сайын бір сәби дүниеге келсе, әр 216 секунд сайын бір адам өмірден озады. Әр 1847 секундте елге бір адам келіп, әр 1410 секунд сайын біреуі кетіп жатады. Бұл барша ел халқына пайдасын тигізетін бірегей жүйе", — деді Айдапкелов брифингте. 

Сонымен қатар есептеуіш көмегімен болашаққа көз жүгіртуге болады. Мәселен 2019 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан халқының саны болжаммен 18 648 744 адамды құрамақ. Ал дәл қазір еліміздегі халық саны –  18 146 227 адам. 

Айта кетсек, аталған жүйе "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында әзірленді. Есептеуішті әзірлеуге мемлекет бюджетінен бір тиын да жұмсалмаған. Жүйе комитет қызметкерлерінің бастамасымен іске қосылды.

Жаңалықтар
0