11 желтоқсаннан бері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында ереуіл жүріп жатыр. Жұмыс уақыты бітсе де, кенжардан шықпай қойған шахтерлер саны 200-ге жеткен. Кейінірек оларға өңірдің басқа шахталарының жұмысшылары қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәліметінше, ереуілге қатысушы шахтерлер саны 600-ден асып кетіпті.
Қарағанды облысындағы шахта жұмысшыларымен келіссөз қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыздар.

12 желтоқсанда Қарағандыға "АрселорМиттал ТМД" бас директоры Парамжит Калон келіп, облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесті. Бизнесмен мен өңір басшысы компания ұсынатын шарттарды талқылаған. Келіссөздер 9 сағатқа созылып, кешкі он бір кезінде аяқталды

Сағат 11-ден соң облыс әкімі шахтаға түсіп, бірқатар талаптар қойып отырған ереуілшілермен сөйлесті. Басты талаптар: жалақыны 100 пайызға көтеру, зейнет жасын 50-ге дейін төмендету.

Бұдан бөлек, шахтерлер "Шахтер" сауықтыру кешенін қайтаруды сұрайды.

4/7
© Sputnik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлағандай, оқиға орнында аталған мәселелер бойынша жұмыс тобы айналысып жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәліметінше, ереуілге қатысушы шахтерлер саны 600-ден асып кетіпті.

Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов шахтаға түсіп, жұмысшылармен келіссөз жүргізді, нәтижесінде кенжардан 154 адам шықты.

7/7
© Photo : акимат Карагандинской области
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ хабарлағандай, шахтерлер ыстық тамақ, ас-сумен қамтылған.
