АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде сөйлеген сөзінде Американың Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті"* террористік ұйымын жеңгенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
"Біз Сирияда жеңдік, Иракта да жеңіске жеттік, бірақ олар өзге аймақтарға тарап жатыр. Олар қаншалықты жылдам тарайтын болса, біз де соншалықты тез іздеріне түсетін боламыз", — деді Трамп қорғаныс бюджетіне қол қою салтанатында.
Дүйсенбі 11 желтоқсанда Ресей әскері Сириядан шығарыла бастады. РФ президенті атап өткендей, сириялық және ресейлік билік өкілдері Ислам мемлекетін* жеңді, дегенмен терроризм қаупі өте жоғары болып қала береді.
*Ислам мемлекеті — Қазақстан, Ресей және басқа да елдерде тыйым салынған террорлық ұйым.