АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Ереуілдеген шахтерлер ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оқиға орнында реанимациялық-көшпелі топ кезекшілік жасап жатыр, деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, келісу комиссиясы жұмысты жалғастыруда.
Компания шахталардың ауысым басшылары әр екі сағат сайын "Көмiр" әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі мен өздерінің басшыларына істің мән-жайын хабарлап отырғанын атап өтті.
Дүйсенбі, 11 желтоқсан күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның жұмысшылары ауысым аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетуден бас тартты. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шыққан кеншілердің саны 600-ден асатынын хабарлады.