Экономика

Күміс "Шашу": Қазақтың тұрмыс-салты бейнеленген монета шығарылды

© AFP 2024 / Thomas CoexМонеталар, архивтегі фото
Монеталар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Монеталарды Ұлттық банкінің барлық филиалынан сатып алуға болады

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Ұлттық банк "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Шашу" естелік монеталарын айналымға шығарды  

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Оған сәйкес салтанат иелеріне құда түсу, той немесе басқа да айтулы оқиға кезінде кәмпит пен тиындар шашады. Бұл сәттілік әкелетін жақсы ырым болып есептеледі.

Монеталар:

— 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – "proof", ең көп таралымы – 3 мың дана;

— "нейзильбер" қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 10 мың дана.

© Photo : ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Қазақтың тұрмыс-салты бейнеленген монета шығарылды
Қазақтың тұрмыс-салты бейнеленген монета шығарылды - Sputnik Қазақстан
Қазақтың тұрмыс-салты бейнеленген монета шығарылды

"Proof" сапасымен жасалған естелік монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.    

Монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалынан, ал күміс монеталарды сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚР ҰБ сайтының интернет дүкені арқылы сатып алуға болады.  


Жаңалықтар
0