Өңірлер

Дүйсенова: "Қазақмыс" жұмысшылардың жалақысын көтеруге келісті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуКеніштегі шахтер, архивтегі фото
Кеніштегі шахтер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамара Дүйсенова корпорация басшылығы қазір тиісті құжатқа қол қою мәселесін қарастырып жатқанын айтты

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Қазақмыс" корпорациясы мен кәсіпорын басшылығы арасындағы келіссөздер аяқталып қалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

Кенші - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда жер астынан шықпай отырған шахтерлердің саны 700-ге жуықтайды
"Келіссөздер аяқталып қалды. Жалақыны көтеру жөнінде мәселе болды, жұмыс беруші келісіп отыр, қазір қол қою жағын қарастырып жатыр", — деді Дүйсенова журналистерге.

Қарашаның соңында Қарағанды облысының әкімдігі Оңтүстік Жезқазған кеніші мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасында еңбек дауы туындағанын хабарлаған болатын.  


Жаңалықтар
0