Қоғам

Қазақстан келесі жылдан бастап K4 және K5 кластарындағы жанар-жағармай шығарады

CC0 / / Жанармай құю бекеті, архивтегі фото
Жанармай құю бекеті, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отынның экологиялық стандарттарына көшу Кеден одағының техникалық регламентінде қарастырылған

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға көшеді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр Атырау зауытындағы өрттің жанармай нарығына қалай әсер ететінін айтты
"Кеден одағының "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және теңіз отынына, авиация отынына және мазутқа қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011), Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан "K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға енгізуге көшеді", — деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін импорттайтын компанияларға К4 және К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін импорттауды ұсынады. 


Жаңалықтар
0