Өңірлер

Алматыда Тәуелсіздік күні қалай аталып өтеді?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПразднование Дня независимости в Алматы, архивное фото
Празднование Дня независимости в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік астанада мереке 15 желтоқсан күні концертпен басталып, отшашумен аяқталмақ

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы әкімдігі Sputnik Қазақстан агенттігінің сауалына берген жауабында Тәуелсіздік күні қандай шаралар өтетінін айтып берді.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдағы басты жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жанады

Қаланың билік өкілдері берген мәліметке сүйенсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында – 15 желтоқсанда – Республика сарайы мен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік концерт өтеді.

16 желтоқсанда Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейі мен Алматы музейінде ашық есік күні ұйымдастырылып, қала тұрғындары тегін кіре алады. Бұл күні Алматы музейінде "Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі" көрмесі ұйымдастырылады. Мерекеге орай "Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін табыстау жоспарланған.

Отшашу 16 желтоқсанда Астана алаңында сағат 21:00-де өтеді.

Сонымен бірге, 16 және 17 желтоқсанда "Тәуелсіздік" монументі мен "Тәуелсіздік Таңы" ескерткішіне гүл қою салтанаты болады.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда тойланады.

Жаңалықтар
0