Sputnik Қазақстан Астанадағы фотокөрмеде "Киелі Қазақстан" жобасын ұсынады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСоревнования беркутчи
Соревнования беркутчи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кез келген тілек білдіруші Қазақстанның киелі жерлерінің ерекше суреттерін тегін тамашалай алады

АСТАНА, 12 желтоқсан, Sputnik баспасөз қызметі, - Sputnik Қазақстан халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы "Киелі Қазақстан" Sputnik объективінде" атты фотокөрме ашты. Көрме Sputnik фототілшілерінің 19 жұмысынан тұрады, халықтың назарына Республика аумағындағы ерекше әрі киелі жерлерді ұсынады. Көрме "Астана-Бәйтерек" монументі 1 қабатындағы көрме залына қойылады, кіру тегін. 

"Бұл фотокөрме – "Киелі Қазақстан" атты жобамыздың суреттерден тұратын нұсқасы. Барлық қазақстандықтарды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Астана тұрғындары мен қонақтарын туған жерлерімізді еске алуға немесе елімізді жаңа қырынан тануға шақырамыз", — деді Sputnik Қазақстанның бас редакторы  Ольга Коваленко.

Фотокөрме Қазақстанның бүкіл киелі жерлерімен таныстырады – батыста Маңғыстаудың жерасты мешіттерінен бастап, шығыста Ұлы ақын Абай кесенесіне дейін.

Ольга Коваленко - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Коваленко: "Киелі Қазақстан" жобасы жастарға қол жетімді әрі қызықты

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп келеді. Агенттік құрамына қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғары технологиямен қамтылған мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

"Киелі Қазақстан" – Sputnik Қазақстанның арнайы мультимедиялық жобасы.

Жаңалықтар
0