Өңірлер

Қостанайда екі қымбат көлікті ұрлап кеткен

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayАвтоугонщик
Автоугонщик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Toyota Land Cruiser және Lexus LX 570 көліктеріне дабыл жүйесі орнатылған екен

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қостанайда екі қымбат көлікті аулада тұрған жерінен айдап кеткен, деп жазады "Алау" жергілікті басылымы.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан

Бірінші қылмыс 7 желтоқсанда болған. Құны 9 миллион теңге тұратын, дабыл жүйесімен жабдықталған Toyota Land Cruiser көлігін ауладан ұрлап кетіпті.

Екінші жайт екі күннен соң Наурыз шағын ауданында орын алған. Құны 35 миллион теңге, дабыл жүйесі бар Lexus LX 570 автокөлігі ұрланған.

Жедел іздеу шаралары жүргізіліп, күдіктілер анықталуда.

Жаңалықтар
0