Өңірлер

Шымкентте жол апаты салдарынан 400 үй газсыз қалды

© Sputnik / Иван Руднев / Медиабанкке өтуГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүйсенбі күні кештен бастап апаттық бригадалар жөндеу жұмыстарын жүргізуде

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте жүк көлігі газ құбырын қағып кетіп, салдарынан 400 үй газсыз қалды, деп жазады "Отырар" жергілікті басылымы.

Жол апаты 11 желтоқсанда 19:40-та Желтоқсан және Белинский көшелерінің қиылысында болды. Апаттық-жөндеу жұмыстары түні бойы жүргізілген.

Қала әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 400 үйдің тұрғындарына газды өшірткізген. Газ құбыры жөнделген бойда халыққа хабар беріледі.


Жаңалықтар
0