АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Қайрат Мәми Конституциялық кеңесті басқарады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Мәми Қайрат Әбдіразаұлын Конституциялық кеңестің төрағасы лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Қайрат Мәми Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында 1954 жылы 9 мамырда туған. Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор.
Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді.
1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы сотының мүшесі. 1995 ж. ҚР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды.
1999-2000 жылдары ҚР әділет вице-министрі,
ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы сотының төрағасы, 2009 жылдан бастап – ҚР бас прокуроры, 2011 жылдан бастап ҚР Парламенті сенатының төрағасы болып жұмыс істеді.
Мемлекет басшысының ұсынуымен 2013 жылдың 16 қазанында Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып қайта сайланды.