Қоғам

Елімізде сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

CC0 / / хирургиялық құрылғылар
хирургиялық құрылғылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік сүндетке отырғызу рәсімі тек медициналық мекемелерде өткенін құптайды

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын сүндетке отырғызу рәсімі тегін өткізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біздің заңнамада сүндетке отырғызуға қатысты нақты бір норма жоқ. Бұл тек дінге ғана емес, денсаулық сақтау жүйесіне де қатысты мәселе деп санаймыз. Министрлік ретінде сүндетке отырғызу рәсімін медициналық мекемелерде білікті дәрігерлердің өткізгенін құптаймыз. Біз жұмыс деңгейінде сүндетке отырғызу рәсімін тегін медициналық қызмет тізіміне енгізу мәселесін талқылаған едік. Бірақ бұл әзірге тек бастама ғана", — деді ол.

Жаңалықтар
0