Қоғам

Астанада балабақшалардың жұмыс уақыты ұзарады

© PhotoДети
Дети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жылдан бастап мемлекеттік балабақшаларда сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейтін кешкі кезекші топтар ашылады

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Парламанет мәжілісінің отырысында Кәрібай Мұсырман ата-аналар балаларын балабақшадан алып кетуге үлгермейтіндіктен елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды сұрап, депутаттық сауал жолдады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі депутаттық сауалға жауабында қазіргі таңда балабақшалардың жұмыс уақытын ұзарту мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.  

"Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жоғарыда аталған  мәселені зерделеп, негізінен қалалық жерлердегі 49,2% құрайтын балабақшалардың жұмыс режимін 10,5 сағаттықтан 12 сағаттық жұмыс күні режиміне ауыстыру үшін 2018 жылға қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастырып жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

Өңірлердің білім басқармалары ақылы түрдегі кешкі кезекші топтар ашудың қажеттілігін анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама жүргізген. 

балабақша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астана тарихында алғаш рет жекеменшік балабақша саны мемлекеттіктен асып түсті
Ведомствоның мәліметінше, республикада 9844 (7053 мемлекеттік және 2791 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың 53%-дан астамы бес күндік жұмыс аптасындағы 12 сағаттық жұмыс күні тәртібінде (Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары) жұмыс істейді.

"Астана қаласы бойынша ата-аналардың сағаттық төлемақысы есебінен ақылы негізде кешкі уақытта кезекші топтар (19.00-ге дейін) ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылдан бастап қаланың барлық балабақшасында ата-аналардың келісімімен осындай топтар ашылады. Бұл мәселені шешу бойынша жұмыстарды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары жалғастырады", — деп түйіндеді министрлік мамандары. 


Жаңалықтар
0