АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Ересектерге арналған видео бес аялдаманың бірінде экранға шығарылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жексенбі кешке автобустардың қозғалысын көрсететін мониторда әдепсіз мазмұндағы кадрлар пайда болған. Жарты сағат бойы көрсетілген видеоны студенттер ұялы телефонның камерасына түсіріп алған.
Қарағанды әкімдігі жұртты шошытқан роликті хакерлер таратқанын хабарлады.
"Біздің қызметтер шұғыл әрекет етіп, бес аялдама желіден ажыратылды. Видео тек бір мониторда ғана көрсетілген. Қазіргі уақытта хакерлерді іздеу бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Белгісіз адамдар жүйені бұзып, осындай роликтерді экранға шығарған", — деді әкімдіктегілер.
Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұзақыларға қатысты ҚР ҚК 311 бабы "Порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз тарату" бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Олар екі мың айлық есептік көрсетекішке дейін айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарына жіберіледі.