АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Сычуанда орналасқан көп қабатты ағаштан жасалған будда ғибадатханасы өрт салдарынан жойылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасап.
Азиядағы ең биік пагода 16 қабаттан тұратын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Тергеушілер өрттің себебін анықтауы тиіс.
A 16-story wooden tower, known as the tallest of its kind in Asia, has caught fire and collapsed at a monastery in SW China's Sichuan on Sunday. No casualties reported yet. Cause of fire under investigation. pic.twitter.com/8fmPcrrwqu
— People's Daily,China (@PDChina) 10 декабря 2017 г.
South China Morning Post басылымы хабарлағандай, өртпен төрт сағат бойы арпалысқан. Сол уақыт ішінде зәулім ғибадатхана күйіп-жанып кеткен ағаш үйіндісіне айналыпты.
Дұға оқуға арналған екі қабатты ғимарат та өрт салдарынан жойылды.