Қоғам

Исекешев астаналықтарды елорданың көшірілгеніне 20 жыл толуымен құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстананың қысқы келбеті, "Байтерек" монументі
Астананың қысқы келбеті, Байтерек монументі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкім ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналғанын атап өтті

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың көшірілгеніне 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады қаланың ресми сайты.   

Жаңажылдық ойыншық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі: Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен кейін басталады
"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 10 желтоқсан – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні егемен еліміздің тарихында, Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептеймін. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды", — деп жазылған Астана қаласының әкімінің құттықтауында.   

Әсет Исекешев ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналғанын атап өткен. 

"Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!", —деп түйіндеді ол. 


Жаңалықтар
0