АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында 15 әуе рейсі кешігіп жатыр, тағы төртеуі тоқтатылды.
Астана уақытымен сағат 09.10-дағы елорда әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, Qazaq Air және Air Astana-ның 15 әуе рейсі кешіккен. Олардың көбісі Алматы бағытына ұшуы тиіс болған, сондай-ақ кешіккен рейстердің арасында Шымкент, Жезқазған және Орал ішкі рейстері де бар.
Air Astana әуе компаниясының Алматыдан KC 641 және KC 995, сондай-ақ Астана — Алматы бағдарында KC 632 және KC 996 рейстері тоқтатылды.
"112" құтқару қызметі бірыңғай нөмірінің ақпараты бойынша, Астанада 9-11 желтоқсанда көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.