АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Илья Ильиннің дисквалификация мерзімі келесі жылы маусымда аяқталады, деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы сенбі күні.
"Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған Илья Ильинге қатысты санкция қолдану туралы ресми шешім шығарды… спортсмен екі жылға дисквалификацияланған", — делінген ААФ ресми мәлімдемесінде.
Ильиннің дисквалификациясы тәртіп бұзушылық анықталған кезден бастап күшіне енеді, яғни 2016 жылы 10 маусым. Ауыр атлетика федерациясы еске сала кеткендей, спортшының олимпиадалық емес жетістіктері мен марапаттауларын қорғап қалу мүмкін болған.