АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Полиция түрмеден қашып кеткен Руслан Юсубовты тапты, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
29 жастағы ер адам қамауға дейін тұрған Денисов ауданы Некрасовка ауылында болған.
Еске сала кетейік, 27 қарашада емін-еркін жүріс-тұрыс құқығын пайдаланған қамаудағы азамат түрмеден кетіп, уақытылы қайтпаған.
Сотталған тұлғаның бір жылдан астам ғана жаза мерзімі қалған болатын.