Спорт

"Самұрық-Қазына" "Астана" ФК алдындағы қарызын өтемекші

© Photo : официальный сайт ФК "Астана"Игроки ФК "Астана", архивное фото
Игроки ФК Астана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана" ФК биыл еліміздің тарихында алғаш рет Еуропа Лигасының плэй-офф кезеңіне өтті

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының басшылығы "Астана" президенттік кәсіби спорттық клубының бас демеушісі болып саналады. Олар жақын арада осы клубтың футбол құрылымы алдындағы қарыздарын өтеуге уәде берді.

Астана ФК еурокубоктардың плэй-оффына шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды - Sputnik Қазақстан
Спорт
Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

"Астана" ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма басшысы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен алдағы уақытта елордалық команданың футболшылары мен бапкерлеріне төленетін сыйақы бойынша қарызды өтеу үшін қаражат бөлінген", — делінген команданың ресми сайтындағы хабарламада.

"Осылайша, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарына чемпионат матчтарындағы жеңісі үшін сыйақылар, премьер-лигадағы жеңісі үшін қосымша сыйақы толығымен төленетін болады", — делінген сол хабарламада.

Жаңалықтар
0