Қоғам

Астанада 16 желтоқсан күні отшашуды қай жерде қызықтауға болады?

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуОтшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отшашу Есіл өзенінің жағалауында, "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы аумағында және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлбақта іске қосылады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Тәуелсіздік күні құрметіне Астананың үш ауданында мерекелік отшашу іске қосылады, деп хабарлады елорданың мәдениет басқармасы.   

Ведомствоның мәліметінше, 16 желтоқсан күні кешкі онда отшашуды Есіл өзенінің жағалауында, "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы аумағында, сондай-ақ Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлбақта тамашалауға болады.  

Осы күні сағат 18-де "Байтерек"монументі жанындағы алаңда мерекелік концерт болады.   


Жаңалықтар
0