АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Қарт ер адам Ақтау Халыққа қызмет көрсету орталығының кіреберісінде көз жұмды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметінше, 6 желтоқсан күні Ақтау ХҚКО-сына кіреберісте 1948 жылы туған ер адам есінен танып қалып, кейінірек көз жұмған.
" ХҚКО қызметкерлері шақырған жедел жәрдем көлігі төрт минуттан кейін келіп, азаматтың өмірі үшін жарты сағат бойы арпалысты, дегенмен ажалдан арашалап қала алмады", — деп жазылған хабарламада.
Ер адам Халыққа қызмет көрсету орталығына қызымен бірге келген. Оның айтуынша, әкесінің денсаулығы болмай жүрген, бірнеше жыл бұрын жүрегіне ота жасатыпты.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі ХҚКО-да тромбоэмболия салдарынан ер адам көз жұмған болатын.