АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Рудный полицейлері 7 желтоқсан күні алты жасар қызға тиіскен зейнеткерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды alau.kz.
7 желтоқсан күні кешкі сағат 17:29-да Рудный қаласы ІІБ-ға 41 жастағы әйелден хабарлама түсті. Ол белгісіз ер адам 6 жасар қызына тиіскенін айтып шағымданды.
"Полицейлер 65 жастағы күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп мәлімдеді ведомстводан.
ҚР ҚК 124-бабы 1-тармағы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге салып өтсек, Рудныйда 10 жасар қызға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған ер адам іздестірілуде.