АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Петропавл қаласында халықаралық террористермен байланысы бар деген күдікпен бес шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
8 желтоқсан күні ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы ІІД күштерімен бірлесіп, Петропавл қаласында бес адамды ұстады.
Ұсталған азаматтар Қазақстанға Орталық Азия елдерінің бірінен келген.
"Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер халықаралық террористермен байланыста болды деген күдік бар", —делінген хабарламада.
Ұсталған адамдарды серіктес мемлекеттің құқық қорғау органдарына беру мәселесі шешілуде.
© Photo : ҚР ҰҚК баспасөз қызметіХалықаралық террористермен байланысы бар бес адам ұсталды
Халықаралық террористермен байланысы бар бес адам ұсталды
© Photo : ҚР ҰҚК баспасөз қызметі