Экономика

Медициналық сақтандыруды 2020 жылға қалдыру: 2 жылда жиналатын ақша қайда жұмсалмақ?

© Sputnik / Болат ШайхиновДәрі
Дәрі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы 1 шілдеден бастап медициналық сақтандыру үшін 24,8 миллиард теңге жиналған

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Алдағы екі жылда жиналатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинағы медициналық қызмет көрсетулер аясын кеңейтуге жұмсалады, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі

Қазіргі уақытта парламентке ұсынылған түзетулер жобасы бойынша, медициналық сақтандыруды енгізу 2018 жылдан 2020 жылға шегерілмек. Сақтандыруға 2017 жылы 1 шілдеден бастап төленген төлемдердің жалпы сомасы шілде-қараша аралығында 24,8 миллиард теңгеге жетті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутова берген мәліметке сүйенсек, жыл соңына қарай түсім көлемі 30 миллиард  теңгені құрайтын болады.

Біртанов еске салып өткендей, қазіргі уақытта қорға жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер медициналық сақтандыруды төлеп отыр.

"Біз жұмыс берушілердің төлем төлеуін 2018-2019 жылдары да жалғастырып, жиналған қаражат  тегін медициналық жәрдем берудегі медициналық қызмет көрсетулер аясын кеңейтуге бағытталады, ал 2020 жылдан бастап сақтандырылған тұлғалар үшін кеңейтіледі", — деді Біртанов жұма күні тілшілерге. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, бүгін де көптеген медициналық қызмет көрсетулер бойынша жетіспеушілік бар, мәселен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ал қазіргі қаржыландырулар сапа мен технологияларды тиісті деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.

Оның айтуынша, тұрақты жалақысы жоқ немесе ресми түрде жұмыс істемейтін адамдардың саны көп болғандықтан медициналық сақтандыруды енгізу кейінге қалдырылыпты. 

Сол себепті үкімет осындай тұлғалармен жұмыс істеу үшін жол картасын құрастыруы керек, дейді министр.

Жаңалықтар
0