Видео

Мектептің ішіне кіріп кеткен жабайы қабандар жұртты шошытты

Жазылу
Жапонияның Киото қаласындағы жеке меншік мектептердің біріне екі қабан кіріп кеткен.

NHK телерадиокомпаниясы хабарлағандай, қабандар оқу орнының ішінде емін-еркін жүгіріп, біреуі тіпті мектеп бассейнінде "шомылған". Келген полице йлер жануарларды ұйықтатып тастады. 

Бұған дейін де қазан айында Киотада осындай оқиға болған еді. Ол кезде құқық қорғаушылар қала көшесінде жүрген үлкен қабанды ұстап алған болатын. Бұдан бөлек, 27 қарашада Хэйан ғибадатханасында жабайы аң ер адамға тап беріп, қолын сындырған. Қашып кеткен аңның кейін өлексесі табылды. 


Жаңалықтар
0