АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. "Астана" футбол клубы "Славия" чех командасын ұтып, қазақстандық клубтар арасында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
"Астана" міндетті түрде жеңіс керек болатын, өйткені "Славияға" қарсы алдыңғы ойын тең аяқталған еді.
Қазір "Астана" 10 ұпаймен А тобында екінші орында тұр.
Станимир Стойловтың "Астана" клубымен жасасқан шартының мерзімі осы матчтан соң аяқталады, алайда тараптар оны ұзарту туралы келісімге келген жоқ.