Қоғам

Астана медуниверситетінің студенттері IELTS сертификатын қолдан жасаған болуы мүмкін

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЖОО бірқатар студентінің ағылшын тілі бойынша сертификаттары халықаралық базада тіркелмеген

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. "Астана" медициналық универсиетінде ағылшын тілі бойынша жүзден астам тіркелмеген сертификат анықталды, деп хабарлайды "Хабар24" телеарансы.

Қылымбек Атагелдиев досымен бірге қайырымдылық жасау мақсатында жапсырма сатып жүр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Студенттер Астанада киіз үйде тұрып жатқан отбасыға үй салуға қаржы жинап жатыр

Өзге студенттер ҚР білім және ғылым министрлігі мен ректоратқа курстастарының атына шағым түсірген.

"Осы мәселені зерттеу бастадық, ішкі тексеру үшін комиссия құрдық, алайда сертификатты халықаралық ұйым берді ме, жоқ па тексеру үшін, солардың базасынан қарау керек, ол база жабық. Білім министрлігінің комиссиясы өз мүмкіндігін пайдаланып кірген кезде, оқуға түскен 110 студенттің сертификаты базада болмай шықты", — деді "Астана" медициналық университетінің ректоры қызметін атқарушы Франц Галицкий.

Жоғары оқу орнынан кейін білімін жалғастыру үшін оқуға тапсырған кезде, талапкердің IELTS сертификаты болса, ағылшын тілінен ең жоғары ұпайды иеленеді. Сертификаты халықаралық базадан табылмаған студенттердің көпшілігі грантта оқиды. Ал құжаттары тіркелгендер білім алуы үшін ақша төлеуге мәжбүр.

Сертификаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінген студенттер университет қызметкерлеріне шағым түсіріп, бұл жайтқа соларды айыптайды. 

Астана ІІД сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0