Әлем

Саакашвили жуыну үшін қонақ үйге кірмек болған

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуМихаил Саакашвили
Михаил Саакашвили - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Михаил Саакашвилидің Киев орталығында шатырда тұрып жатқанына екі күн болды

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили жуынып алу үшін Киевтегі қонақ үй аумағына кірмек болған, бірақ оны өткізбей қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Михаил Саакашвили төбеден секіремін деп әлек салды – оқиға орнында түсірілген видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Михаил Саакашвили төбеден секіремін деп әлек салды – оқиға орнында түсірілген видео

Сейсенбі күні Михаил Саакашвилиді пәтерінде ұстауға әрекет жасалды. Оған қатысты қылмыстық ұйымның мүшелеріне көмектесу және олардың қылмысын жасыру туралы қылмыстық іс қозғалған. Сол кезде саясаткер үйдің шатырына шығып, төменге секіріп кетемін деп әлек салған болатын. Құқық қорғаушылар оны ұстап, көлікке отырғызып алып кетпек болды, бірақ жақтаушылары көлікті жібермей қойғандықтан, босатуға тура келген.

Михаил Саакашвили қазір Киев орталығында шатырда тұрады.

"Саакашвили іздеуде, бірақ оны содырлары қоршап отыр, полиция қантөгіс болмас үшін, шұғыл қадамға бармайды. Өйткені Саакашвилидің бар ойы – көп қан төгу, "бізді соққыға жықты" деп көрсету. Біз ондай мүмкіндік бермейміз", — дейді Жоғарғы рада депутаты, ІІМ коллегиясының мүшесі Антон Геращенко.

Жаңалықтар
0