Арменияның солтүстік-батысында 1988 жылы 7 желтоқсанда 11 сағат 41 минутта Спитак жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7 балл шамасындағы күшті жерасты дүмпулерінен 300-ден астам елді мекен зардап шеккен, ал апат эпицентрінде болған Спитак қаласы небәрі 30 секундта жермен-жексен болды.
Ресми деректерге сүйенсек, жиырма бес мың адам қаза тауып, жүз қырық мың адам мүгедек болып қалды. Бес жүз мың адам баспанасынан айырылды.
Sputnik Армения жер сілкінісінен кейінгі кадрларды ұсынады.