АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Алматыда қауіпті қылмыскер ұсталды, ол үш әйелді өлтіргенін мойындады. Соңғысын қашып жүргенде жолықтырып қалған.
Алматы полицейлері бір апта бұрын Жетісу ауданында апалы-сіңлілі екі әйелді және кеше кездейсоқ өтіп бара жатқан қызды өлтірген "жан алғышты" ұстады. Ол қылмыс жасағанын бірден мойындаған.
Ақпаратты Алматы ІІД растады.
"7 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласы ІІД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері қаланың екі тұрғынымен бірге спирттік ішімдік ішіп, тұрмыстық жанжал кезінде оларды өлтірді деген күдікпен П. есімді азамат ұсталды. Белгілі болғандай, 1994 жылы туған қызды да өлтірген болып шықты", — деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, соңғы қылмыс Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысына жақын маңда кеше кешкі сағат тоғыз шамасында жасалған. Қылмыскер сол жерден өтіп бара жатқан қызды зорламақ болған.
Полицейлер қылмыскерді қала шетінде орналасқан шағын аудандардың бірінен ізін суытпай ұстады.
Ұсталған адам бірден бір емес, үш қылмыс жасағанын мойындады. Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 2 желтоқсанға қараған түні жантүршігерлік қылмыс жасалған болатын. Ол кезде апалы-сіңлілі әйелдерді белгісіз біреу бірнеше жерден пышақтап кеткен еді.
Бірнеше күн бұрын полицейлер 34 жастағы ер адамға іздеу жариялады.