АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қостанайда белгісіз ер адам бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен алты жасар баланы қағып алды, нәтижесінде бала ауыр жарақат алған жоқ, деп хабарлады "Костанайские новости" басылымы.
Қазіргі таңда бала ауруханада травматология бөлімінде емделіп жатыр.
"Оны жан сақтау бөлімінен шығарды. Ота жасалған жоқ, бірақ басынан жарақат алған", — дейді аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.
Дәрігерлер бала сырт киімде болғанын айтады. Ал өзі болған оқиғаны есіне түсіре алмапты.
"Келесі күні ер адам қоңырау шалып, баланың денсаулығын сұрады. Біз кімсіз деп сұрап едік, ол: "Мен оны қағып алған адаммын", — деп жауап берді. Өкінішке қарай, оның кім екенін сұрамаппыз", — дейді аурухана қызметкерлері.