Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда 557 мыңнан астам көлік бар

Жазылу
Салық кодексіне сәйкес, 59 265 автокөлік иесінде жеңілдік бар

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 557 143 автокөлік тіркелген. Қазіргі таңда облыс көлемінде төленбеген көлік салығын өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтардан 1,6 млрд теңге жарна түскен. Салымшылардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелерден және кәсіпорындардан түсіп отыр. 

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны 3 миллионға жуықтады
Департамент басшысының айтуынша, облыста «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру» пилоттық жобасы іске асырылуда.

«Жаңа жүйенің енгізілуі — тапсыратын құжаттардың азаюына, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді. Пилоттық жобаның аясында «Астана-1» ақпараттық жаңа жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған жүйе барлық кеден бекеттеріне орнатылып, бүгінгі таңда 6 мыңға жуық транзиттік декларация рәсімделген», — деді  Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, облыс орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан делегациясының екіжақты келісіміне сәйкес, «Атамекен» кеден бекетінің «Сырдарья» және «Целинный» өткізу пункттері ашылып отыр.

«Қазіргі таңда «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» кеден бекеттерін тәулік бойы жұмыс кестесіне көшіріп, шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуді жылдамдатуға қол жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, өткізу пункттері арасындағы жолдар мен көпірлерді кеңейтіп, жеке тұлғаларға шекарадан өтуге ыңғайлы жағдай жасайтын боламыз. Айта кетерлігі, осы жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 554 млн. АҚШ долларын құрады», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Бүгінгі таңда облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті салық және басқа да төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай,  бизнес ортаны түбегейлі жақсартып, оған оңтайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыс атқарып келеді.


Жаңалықтар
0