АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстанның ауа райына ықпалын тигізіп жатқан Сібір антициклоны біртіндеп Алтайға қарай ығысады. Соның әсерінен республика аумағында ауа температурасы жоғарылайды.
"Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдар бірқатар облысқа жауын-шашын әкеледі. Еліміздің батысында, 9 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-батыс облыстарда қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады", — делінген хабарламада.