Экономика

Назарбаев: мұнай мен газ шығаратын ел бола тұра, сол газға тәуелді болып келдік

© РИА Новости / Медиабанкке өтуГаз
Газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Елбасы ұлттық телекөпір барысында бірқатар отандық кәсіпорынды іске қосты

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Астанада өтіп жатқан ұлттық телекөпір барысында "Интергаз Орталық Азия" АҚ Ақтөбе облысындағы "Бозой" қоймасында газ кептіру қондырғысын іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: елдегі кен орындарын өзіміз игерсек, байлығымыз арта түседі

"Интергаз Орталық Азия" АҚ "Бозой" қоймасында газды кептіру қондырғысын іске қосты. Жоба Ресей, Қытай мен Өзбекстанға тасымалданатын газ транзитінің экспорттық көлемін ұлғайтуға, газды құрғату және тазалау қондырғысы стратегиялық маңызды "Бозой" газ қоймасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа қондырғы газ өткізу көлемін тәулігіне 27 млн текше метрге жеткізеді. Бұл оңтүстік пен батыстағы қазақстандық тұтынушыларды үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Мемлекет басшысы "Интергаз Орталық Азия" АҚ аталған жобаны іске қосу арқылы ел үшін маңызды дүниені шешкенін атап өтті.

"Өздеріңіз білесіздер, біз мұнай мен газды шығаратын мемлекет бола тұра, сол газға тәуелді болып келдік. Біресе Ресейден, біресе оңтүстігімізден. Қыста оңтүстігіміздегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, қайдан газ аламыз деп, үкімет болып, ел болып сұрап жүрдік. Енді, міне, қазір содан шығу үшін біз бұл мәселені шештік.  Мына құбыр өте қажет. Елді газдандыру үшін ғана емес, экспортқа шығаратын газға ие болдық. Болашақта Қашағаннан, Қарашығанақтан шығатын газ бар, көлемі 70-80 миллиардқа жеткен кезде, газды экспорттаушы ел боламыз. Бұл бір. Екіншіден, ол газды құрғақ түрінде бермей, өңдеп, сол газдан шығаратын өнімдерді көбейтуіміз қажет. Сондықтан, сіздер ел үшін өте маңызды дүниені шештіңіздер. Еңбектеріңіз табысты болсын", — деді Елбасы.

Жаңалықтар
0