АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Украинаға орыс батырлары жайлы ертегілерді, атап айтқанда, "Илья Муромец және Бұлбұл қарақшы: орыс батырлары туралы ертегілер" және "Батырлар жайлы орыс ертегілері" кітаптарын әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Украина билігі Ресейден "Украинаға қарсы мазмұндағы" кітаптарды ел аумағына кіргізуге тыйым салатын заң қабылдаған. Заң Украина кітап нарығын ынталандыруды көздейтін көрінеді.
Көтерме тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, әр адам қол жүгімен 10 данадан аспайтын көлемде Украина шекарасы арқылы өткізе алады.
Шектеу күшіне енгенге дейін Украина аумағына әкелінген кітаптар дүкен сөрелерінен алынбайды.